BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Англияны жеңген Хорватия алғаш рет әлем чемпионатының финалында ойнайды

Фото: Марио Манджукич

Ресейде өтіп жатқан футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының екінші жартылай финалдық ойынында Мәскеудегі "Лужники" стадионында Хорватия құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Англия ойынды сәтті бастады. Киран Триппьердің айып алаңынан соққан голы командасын 1:0 есебімен алға шығарды. Ал Хорватия болса екінші таймда жақсы ойнай бастады. Матчтың 67-минутында Иван Перишич есепті теңестірді.

90 минут аяқталғанша командалар бір-біріне соққылар бағыттаса да гол соғылмады. 1:1 есебімен негізгі уақытты аяқтаған футболшыларға қосымша уақыт берілді. 109-минутта хорват Марио Маджукич ағылшындардың чемпион болу арманының күл талқанын шығарды.

Хорватия 15 шілде күні Мәскеуде чемпиондыққа үміткер Франция құрамасымен кездеседі. Ал Англия 14 шілдеде Санкт-Петербургтегі стадионда Бельгия құрамасымен үшінші орынға таласады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер