BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

«Алтын доп» Лука Модричке бұйырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Хорватия құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Алтын допқа» ие болды. 2007 жылдан бері алғаш рет Криштиану Роналду мен Лионель Месси бұл марапаттан құр қалды.

«Алтын допты» бейресми жылдың ең үздік футболшысына берілетін марапат деп айтады. 2007 жылдан бері бұл марапатты Месси мен Роналду бес реттен жеңіп алған болатын.

Морич «алтын допты» қолына ұстап «Реалдағы» әріптестеріне, клубтың барлық қызметркерлері мен бапкерлеріне алғыс айтты. Ол - осындай марапатқа ие болған Хорватиядан шыққан алғашқы футболшы.

33 жастағы жартылай қорғаушы «Реалдың» Чемпиондар лигасын жеңуіне, сондай-ақ футболдан әлем чемпионатында Хорватияның жақсы өнер көрсетуіне үлес қосты.

«Алтын доп» сыйлығын France Football журналы 1956 жылдан бері табыстап келеді. Ең алғаш «Блэкпул» ойыншысы Стэнли Мэтью ие болған. Алғашқы кезде тек Еуропаның үздік футболшыларына ғана берілген. Сондықтан Пеле, Марадона секілді мықтылар бұл сыйлықтан құр қалды. 1995 жылы ереже өзгерді: Енді кез келген ұлттың футболшысы «Алтын доп» жеңіп алуға мүмкіндігі бар. Бірақ ол ойыншы Еуропа клубтарының бірінде ойнау керек еді. Сөйтіп, Еуропа аймағынан тыс дүниеге келгендерден тұңғыш «Милан» шабуылшысы, қазіргі Либерия елінің президенті Джордж Веа қол жеткізді. Арада 12 жыл өткенде барлық шектеулер алынып тасталды. Әлемнің қай елінде, қай командасында ойнаса да, ол футболшы үздік өнер көрсетсе, «Алтын доп» сыйлығына үміткер болуға толық құқылы. «Алтын доп» сыйлығының иегерін әлемнің 96 журналисі дауыс беру арқылы анықтайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер