BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыда семсерлесуден қала чемпионаты өтеді

Фото: yandex.com

Қазанның 15-і мен 17-і аралығында Алматыда «Барыс» спорт кешенінде семсерлесуден қала чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Қала біріншілігіне 1999-2001 жж., 2002 және төмен ерлер, әйелдер, жасөспірім қыздар мен ұлдар қатысатын болады. Жарыс халықаралық семсерлесу федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Бірінші күні қатысушылар қылышпен, екінші күні рапирамен, ал үшінші күні семсермен жарыс жолына шығады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қыздар мен ұлдар арасында жеке анықталатын болады.

Жарыстың басты мақсаты жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттап, осы спорт түрін қала бойынша дамыту және де мықты командалар мен спортшыларды – анықтап, ел чемпионатына қатысатын қала құрамысын құр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер