BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтеді

Фото: интернеттен

Маусымның 16-ы мен 17-і күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда мемлекеттік қызметшілер арасында Спартакиада өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыс шахмат, футбол, волейбол, жеңіл атлетика (эстафета 4х100), үстел теннисі, қол күресі, гір көтеру және арқан тарту спорт түрлерінен өтеді.

Спартакиаданың бірінші күні РСК-те футболдың бастапқы ойындары (ерлер), ал, ҚазСТА волейболдан (аралас команда) өтеді. Басталуы 09:00-де.

Екінші күні, осы спорт кешендерінде футбол мен волейболдан финалдық кездесулер өтсе, басқа спорт түрлері РСК-те ұйымдастырылады. Жарыстың салтанатты ашылуы сағат 10:00-де, ал жарыс 09:00-де басталады.

Жарысқа Алматының мемлекеттік және әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдары қатыса алады.

Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар және кубоктармен марапатталады

Айта кетер жайт, жарыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді салауатты өмір салтына бейімдеп, үздік ұжымдарды анықтау.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер