BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыда грэпплингтен «Kuz open-2018» xалықаралық турнирі өтеді

Қазанның 13-і 14-і күндері Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен грэпплингтен Arlan Grip Selection «Kuz open-2018» халықаралық ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күні 6-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 18-ден жоғары спортшылар өнер көрсетеді. Бұл сайыстар ABB аренасында, AIGA халықаралық әуесқойлар лигасы қауымдастығының ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі. Басталуы сағат 10:30-да (екі күн).

Бұл турнирге қыздар мен ұлдар қатыса алады. Ол үшін регламентке сәйкес жарыстың www.arlangrip.kz сайтына тіркеліп тиісті қаражат төлеу қажет.

Турнирдін басты мақсаты елімізде грэпплинг спорт түрін дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және дипломдар табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер