BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Алматыда бірінші рет түнгі велошеру өтеді

Шілденің 14-і күні алып шаһарда осы жылғы бірінші түнгі велошеру өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін велошерудің қашықтығы 7 шақырымды құрайды. Кез келген қала қонақтары мен тұрғындары «Нұрлы Тау» бизнес орталығына кешкі 20:00-де жиналады, ал спорттық шара 20:30-да басталады.

Әуесқойлар Әл-Фараби даңғылымен көтеріліп, Тұңғыш Президенті саябағында мәреге жетеді. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – велосипед.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің оныншысы болып саналады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер