BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Алматыда «Барселонаның» экс-ойыншысы алғаш рет «Қайраттың» сапында ойнады

Фото: 123ru.net

«Барселона» мен «Манчестер Сити» командаларының экс-ойыншысы Гай Ассулин Алматы қаласында алғаш рет ресми «Қайрат» командасының сапында ойнады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан премьер-лигасының бірінші турындағы матчта жартылай қорғаушы командаластарымен бірге «Қызыл-Жар СК» командасын 2:1 есебімен ұтты. Ойыннан кейін Ассулин мен «Қайраттың» тағы бір футболшысы Исаэль петропавлдық командамен арада болған ойын туралы пікір білдірді.

«Бұл ойын өте қиын болды. Чемпионаттағы алғашқы ойынның қиын болатыны сөзсіз. Бүгін біраз әбігерге салынғанымыз да рас. Мен тіпті допты командасталарыма бағыттағанымды немесе қақпаға қарай тепкенімді білмеймін. Гол соғып, командаластарыма көмектескенім үшін қуаныштымын. Біз чемпиондық үшін таласып, барлық комаданы ұтуға тырысамыз», - дейді Исаэль.

Өткен матчта Ассулин алғаш рет «Қайрат» үшін ойнады. Израилдік карьерасын «Барселона» сапында бастап, сол командада бір ресми ойын өткізді.

«Матчтың қиын болғаны рас. Қарсыластарымыздың қорғанысы мықты болды, сол себепті біздің де қиналған жайымыз бар. Алғашқы матч әрдайым осылай қиын өтеді деген пікірдемін. Біз маусымға енді еніп жатырмыз. Бұл менің Алматыдағы алғашқы ойыным. Жанкүйерлер өте эмоционалды екен. Олардың қолдауы бізге көмек болды. «Қайраттың» чемпион болатынына сенімдімін. Алғашқы қадамды жасадық. Бізде мақсат бар, біз сол мақсатқа қарай беттейміз. Меніңше, мен бұл ойында барлық мүмкіндігімді көрсетпедім. Біз ары қарай да жұмыс істеп, жақсы ойын көрсететін боламыз», - дейді Ассулин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер