BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Алматыда әкімінің кубогына арналған тартысты бәйге жарыстары өтті

Алматының республикалық ипподромында Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған биылғы маусымдағы 11-ші бәйге күні өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

40-тан астам шабандоздар асыл тұқымды аттарын әртүрлі қашықтықтағы жарыста сынады. Қала тұрғындары мен қонақтары тек сәйгүліктердің ғана емес, понилардың да жарыстарын тамашалап, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Олардың нәтижесінде әкімнің кубогын (4000 м.) екінші жыл қатарынан белгілі спортшы Ислам Байрамуковтың аты - «Зубайыр» жеңіп алды. Оның «Аманат» есімді екінші сәйгүлігі (1600 м.) де қыздар арасында жеңіске жетті.

«Бүгін біздің күніміз оңынан туып тұр. «Зубайыр» жарыстың басынан бастап соңына дейін бірінші келіп, бізді қуантты. Оның жасы 5-те. Оны біз 2014 жылы Америкадан алып келгенбіз. Осындай жақсы нәтиже көрсетіп, жатқанына қуаныштымыз. Ол өзіне жұмсалған қаражатты ақтап жатыр. Оның бәрі менің командамның арқасында», - деді Ислам Байрамуков.

Сонымен қатар, «Иванов В.В. құрметіне арналған Луговский Ат зауыты» жүлдесіне арналған жарыста төртінші рет «Гагалык» есімді сәйгүлік ұтса, Қазақстанда туылған 3-жастан жоғары аттар арасындағы гандикап жарысында үшінші рет «Провокация» жылқысы жеңді. Ал, Аламан бәйгеде 21 шақырымдық қашықтық бойынша «Арғымақ» есімді тұлпар ұтса, Жорға-жарыста 8 шақырымдық қашықтық бойынша «Шұбат» бірінші келді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктан бөлек, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ, ипподром қонақтары үзіліс кезінде ат жарысының әр түрлерін тамашалап, өздері атпен қыдыруға мүмкіндік алды.

Ипподром директоры Юрий Кищенконың айтыуынша жалпы биылғы ат жарыс маусымында алматылық республикалық ипподромында 11 жарыс күні өткізіліп, 350 бас асыл тұқымды аттардың бағы сыналды. Биылғы маусымның жабылуы 21 қазан күні өткізіледі.

Айта кетер жайт, бұл ат жарыстары Алматының атбайге Федерациясы және «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» МҚ, сондай-ақ Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер