BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Алматы Туры – 2018» веложарысының қатысушылары велошеруге қатысты

Бүгін, қыркүйектің 23-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда «Алматы Туры-2018» веложарысына арналған кезекті велошеру өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Әдеттегідей велошеру таңғы сағат 09:00-де «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталып, Алматы туры – 2018 веложарысы бастау алатын Астана алаңында аяқталды. Бұл жолғы велошерудің қашықтығы 11,3 шақырымды құрады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткен бұл мерекелік велошеруге 800 жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады. Sport Expo Kazakhstan халықаралық көрмесі велосипедтерінің бірін Алматы қаласының үшінші сынып оқушысы Әмір Батыров ұтып алды:

«Мен төртінші рет қатысып отырмын, велошерулерді жақсы көремін. Кеше VeloFriends Junior 2018 веложарысына да қатыстым. Алдыңғы велошерулердің бірінде біздің отбасымыз электросамокат ұтып алған болатын, ал бүгін мен велосипед ұттым», - деді ол.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он жетіншісі болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар, велошеру қатысушыларын басқа тосын сый күтіп тұрды, олар кәсіби шабандоздармен жарысып, бағалы сыйлықтар мен Almaty Bike жүйесінің бір жылдық сертификаттарын ұтып алуға мүмкіндік алды. Велошеруге арнайы қонақтар - 29 және 30 қыркүйекте өтетін «Алматы Туры 2018» қатысушылары Қазақстан ұлттық құрамасының шабандоздары келді.

«Мен командалық ойыншымын,үш жыл бойы Алматы Туры веложарысына қатысудамын. Менің ойымша, биылғы жылы біз үшін жеңіске жетудің барлық мүмкіндіктері бар, өйткені жыл сайын біз күшейіп жатырмыз, жақсы көшбасшымыз бар. Бүгін үлкен спорттық мереке. Алматылықтардың көбі спортпен, соның ішінде велоспортпен шұғылданатына өте қуаныштымын», - деп Қазақстан ұлттық чемпионы Сергей Лущенко ой бөлісті.

«Алматы Туры» әлемнің кәсіпқой велошабандоздары қатысатын көпкүндік веложарыс болып саналады. Биыл екі кезеңнен тұратын жарыс алтыншы рет ұйымдастырылады. Велобәйге қыркүйек айының 29-ы мен 30-ы күндері өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер