BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Әлімханұлы "Айуанды" жеңгеннен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

Астана, BAQ.KZ. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісінен кейін өз дивизионында бірден 54 сатыға жоғарлады, деп жазады Vesti.kz.

25 жастағы Әлімханұлы Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы "Айуан" лақап атты жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Әлімханұлын BoxRec рейтингінде екінші орта салмақ бойынша 109-шы орынға көтерді.

Осылайша, Әлімханұлы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр (біреуі нокаутпен), ал карьерасында 12 жыл үзіліс болған (түрмеде отырды) 32 жастағы Александер нокаутпен жеңген 12 жекпе-жектен кейін екінші рет жеңіліп тұр.

Бұл Әлімханұлының АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұл елде қазақстандық алғаш рет 28 қыркүйекте Карлос Галванмен (16-8-1, 15 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер