BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Әли Ахметов америкалық боксшыны сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңді

Фото: Абзал Қалиев

Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың бокс кешінің андеркартында төртінші болып рингке шыққан Әли Ахметов қарсыласын сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Он раундтық жекпе-жекке шыққан Әли Ахметов алғашқы раундтың өзінде қарсыласына соққылар бағыттап, өзінің мықтылығын көрсетті. Америкалықты соққының астына алған Әли екінші раундтың бірінші минутында қарсыласын нокаутқа түсіре жаздады. Жекпе-жектің алтыншы раундында америкалық боксшыны қуып жүріп сабады, сонда да қарсыласы шыдап бақты. Сегізінші раундта техникалық нокаутпен Әли Ахметов жеңіске жетті. Кәсіпқой бокста сегіз жекпе-жектің бәрінде басым түскен Әли Ахмедов бұл жолы да жанкүйерлерін қуантты.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтуде. Алғаш болып рингке шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты. Ал Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласы Эдуардо Перейра дос Рейсты жеңіп, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды. Кәсіпқой бокс кешінде 3-ші болып рингке шықан Айдос Ербосынұлы бірінші раундтың 2:34 секундында қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді.

Фото: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер