BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды

Еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақжүректің ағасы қазақ эстрадасының әншісі Досымбек Таңатаров Инстаграм парақшасында жариялады.

«Алланың қалауымен кешегі еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, азия чемпионы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек інім Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директоры болып тағайындалды. Інімнің ісіне береке беріп, жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын», - деп жазды ол.

Алланың қалауымен кешегі еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, азия чемпионы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек інім @akzhurek_tanatarov Жамбыл обл. әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен "Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі"директоры болып тағайындалды. Інімнің ісіне береке беріп, жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын.

Публикация от Досымжан Танатаров (@dossymzhan_tanatarov)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер