BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ақтөбе облысында спорт апталығы өтеді

Биыл Ақтөбеде спорт күні бір апта бойы мерекеленетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Тамыздың 10-нан 18-і аралығында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында 15 ірі іс-шара өтеді, оларға 15 мың адам қатысады. Спорттық жарыстар Тұңғыш Президент атындағы саябақта, БЖСМ, шахмат аллеясында ұйымдастырылады. Спорт апталығы бойына облыс тұрғындары ақтөбелік спортшылардың өнерлерін көре алады, жүзуден, теннистен, зияткерлік және спорттың ойын түрлері бойынша БЖСМ-дегі ашық есік күндері оларға кіре алады», - деді Мейрамбек Махамбетов.

16 тамызда Тұңғыш Президент атындағы саябақта грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі балуандары флешмоб көрсетеді. Сонымен қатар, «Күрестің 12 түрінен фестивальдің» ақтық кездесулері болады.

Спорт апталығының негізгі оқиғасы 18 тамызда «Жекпе-жек» Сарайында өтеді, онда үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттайды, көрермендер акробаттар мен гимнастшылардың шоуын, кроссфиттен жарысты қарай алады. Сондай-ақ, осы шара аясында қонақтар облыстың беделді спортшыларын басқа қырынан тани алатын болады.

Спорт апталығы 18 тамызда кешкісін Тұңғыш Президент атындағы саябақта үлкен бағдарламамен жабылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер