BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

Фото:

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы ІХ облыстық «Отан» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Спартакиада мемлекеттік басқару органдары жұмысшыларының арасында бұқаралық спортты насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелік түрде шұғылдануға тарту, салауатты өмір салты ұстанымдарын енгізу және спорт арқылы ұжымдардағы достық қатынастарды нығайту мақсатында өткізіледі.

«Облысымыздың мемлекеттік қызметшілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қолдайтындарын тағы да көрсетті. Президент атап өткендей, спортпен айналысу денсаулықты нығайтып қана қоймай, жігерлі болуға, жетістіктерге қол жеткізуге тәрбиелейді, жоғары моральдық-рухани қасиеттерге тәрбиелейді. Сол себепті спортты дамытуға еліміз жоғары көңіл бөледі» - деп өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары Р. Братаева айтып өтті.

Спартакиада тоғгызқұмалак, волейбол, үстел теннисі, оқпен ату, шахмат, жүзу, футбол, шаңғы жарыстары сияқты спорт түрлері бойынша өтеді. Оған облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілерінен құралатын құрама командалар қатысады.

Қатардағы қызметшілермен қатар спартакиадаға мемлекеттік органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары да қатысатынын атап кеткен жөн. Олар өздерінің осы әрекетімен қызметкерлерге қолдау көрсетіп, Елбасының бұқаралық спортпен айналушылар қатарын 2020 жылға қарай 30%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға үлес қоспақ.

«Мемлекеттік қызметшілер үшін салауатты өмір салтын ұстану бастапқы міндеттердің бірі. Мемлекеттік қызметшінің дені сау, күш-жігері мол болса ол әлдеқайда белсенді және тиімді болады. Осынау спорттық тартыста мемлекеттік қызметшілер өздерінің жеңіске деген жоғары талпыныстарын көрсететініне сенімдіміз» - деп Р. Братаева қорытындылап өтті.

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасында бұндай іс-шаралар ұжымдарды біріктірудің және салауатты өмір салтын қалыптастырудың өзіндік бір дәстүріне айналды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер