BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Айдос Ербосынұлы аргентиналық боксшыны нокаутпен жеңді

Фото: Абзал Қалиев

Астанадағы «Сарыарқа» спорт сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Айдос Ербосынұлы қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Орта салмақта үшінші болып рингке шыққан Айдос Ербосынұлы бірінші раундтың 2:34 секундында қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді. Осылайша Айдос кәсіпқой бокстағы 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал аргентиналық боксшы 18-ші кездесуінде жеңіліс тапты.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтуде. Алғаш болып рингке шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты. Ал Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласы Эдуардо Перейра дос Рейсты жеңіп, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды.

Фото: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер