BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ӘЧ-2018. FIFA таңдап алған төреші өмір бойына футболдан шеттетілді

Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына арнайы іріктеліп алынған кениялық арбитр Айден Рэндж Марва жемқорлық үшін өмір бойына футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Африкалық футбол конфедерациясына (CAF) сілтеме жасап.

Марва мундиальға бас төрешінің көмекшісі ретінде қатысу керек болатын, бірақ ол пара алу күдігіне байланысты турнирге бармай қалды.

Кениялық арбитр деректі фильмде африкалық құрлықтық турнир кезінде 600 доллар көлемінде пара алып жатқаны көрініп қалған. Бұл көріністі ганалық журналист Анас Аремеяв Анас түсіріп алған. Фильм BBC Africa арнасынан көрсетілді.

Сонымен қатар, FIFA Марва мен фильмде көрсетілген басқа да тұлғалардың ісін "тергеу және сот органдарына" бергенін мәлімдеді. Ұйым мұндай оқиға болғаны дәлелденсе, "қатаң жазалар" қолданылатынын атап өтті.

Марва FIFA дайындығынан өтіп, Ресейдегі чемпионатқа іріктелген жүз төрешінің ішінде жемқорлыққа қатысы бар екінші адам. Мұның алдында Сауд Арабиясының Футбол федерациясы ұлттық кубок финалында жеңіске жету үшін командадан пара талап еткен Фахад Әл-Мирдасиді футболдан шеттеткен болатын.

Марва мен Әл-Мирдаси 2017 жылы Ресейдегі конфедерация кубогында қызмет еткен. Сондай-ақ, кениялық арбитр 2014 жылы Бразилияда өткен чемпионатта қосымша төреші болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер