BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Әлем кубогы. Ажғалиев 500 метрлік жарыста қытайлыққа жол берді

Астана, BAQ.KZ. Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды.

Қазақстан спортшысы Абзал Ажғалиев 500 метрлік жарыста күміс алды. Алтын жүлдені Қытай спортшысы Ву Дажинг, қола жүлдені венгриялық Шаолинь Шандор Лю иеленді.

26 жастағы Ажғалиев 2014 және 2018 жылдары өткен олимпиада ойындарына қатысқан. 2016 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде 500 метрлік жарыста алтын иеленген.

Биылғы әлем кубогы бес кезеңнен тұрады. Екінші этап 9-11 қарашада Солт-Лейк-Ситиде, үшінші кезең 7-9 желтоқсанда Алматыда өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер