Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің бірінші ойынында жеңіске жетті - Спорт|12 Тамыз 2018, 13:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің бірінші ойынында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жүлде қоры 2 874 299 долларды құрайтын Premier санатындағы турнирде біліктіліктің бірінші айналымын еңсерді. Бұл турнир Цинциннатиде 12-19 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Беташар матчта Дияс екі сетте ресейлік Евгения Родинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды. Родина мүмкін болған 16 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды және 7 қателік жіберді.

Диястың есебінде 8 эйс, доп беру кезінде кеткен 6 қателік және 8 брейк бар. Теннисшілер ресми матчтарда бірінші рет кездесіп отыр. Зарина Диястың келесі қарсыласы - эстониялық Кайя Канепи.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер