BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

10 жастағы бала үш дүркін «Қазақстан Барысы» Ыстыбаевты «жеңді»

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында «тосын жағдай» болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Дүбірлі додада көрермендер 3 дүркін «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаевпен күресуге мүмкіндік алды. Жеңген адамға 50 мың теңге сыйақы тігілді. Ақшаға қызықса керек, кейбір азаматтар күштерін сынап та көрді. Алайда олардың жолдары болмады. Ал 10 жастағы бала Бейбіт Ыстыбаевпен белдесіп, иығынан асыра «атып ұрды».

Айта кетейік, елордада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатына 40 мемлекеттің 167 палуаны қатысып жатыр. Қазақстан атынан тартысты додада ел намысын 6 салмақ дәрежесінде балуандар және түйе палуан қорғайды: Марат Нығматуллаев (55 келі), Қуаныш Ысқақов (60 келі), Қасымхан Төленбай (66 келі), Ғалымжан Әбдірахманов (74 келі), Ерсұлтан Мұзафаров (82 келі), Әділжан Ыстыбаев (90 келі) абсолютті салмақ Айбат Сейтен (түйе палуан).

Фото: Нұржас Жақсыбай

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер