BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Головкин әлем чемпионы атағын қайтарып алуы мүмкін

Фото: интернеттен

Халықаралық бокс федерациясының (IBO) президенті Эд Ливайн мексикалық Сауль Альварестің қазақстандық спортшы Геннадий Головкинмен болған жекпе-жекте жеңімпаз атанғанына қарамастан IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін ала алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Геннадий Головкин бос тұрған белдік үшін сайысқа шығуына мүмкіндік бар

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында сенбі күні Лас-Вегаста орта салмақта WBA (Super), WBC пен IBO белдіктері үшін жекпе-жекте жеңіске жеткен Сауль Альварестің чемпион атағын ала алмайтыны туралы жазылған болатын.

«Альварес расында да IBO нұсқасы бойынша атақты ала алмайды. Біз онымен санкциялық келісімге келе алмадық. Енді бос тұрған атақ одан үміткер екі спортшы арасында сарапқа салынады. Үмміткерлердің бірі Головкин және ол осы дивизиондағы рейтингте бірінші болады», - деді Ливайн.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Головкин - Альварес реваншы өтті. Жекпе-жек толық 12 раунд өтіп, төрешілер шешімі бойынша Альварес жеңіске жетті (115-113, 115-113, 114-114). Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды және ол WBC, WBA (Super) мен IBO белбеулерінен айырылып қалған болатын.

Сонымен бірге, Альвареспен өткен жекпе-жек Головкин үшін биыл соңғы кездесу болуы мүмкін. Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкинге демалыс беретінін айтты.

Айта кетейік, былтыр қос боксшының арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.

Сонымен қатар, Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады.

Кеше Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті. Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты.

WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес тәлімгерінің Саул «Канело» Альвареспен екінші кездесуде айтарлықтай проблема болмауы тиіс екенін айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер