BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

«Зың-зың» әнінің авторы белгілі болды

«Шымкенттің қыздары зың-зың» хитінің авторы композитор Болат Нұрымов екені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен студияда әнді көркемдеумен айналысамын. Бір әнмен жұмыс істей беруден кейде шаршаймын. Сол кезде көңілді көтеру үшін түрлі қызықты әуендер жазып қоямын. Біраз уақыт өткенде жеңіл-желпі дайындалған әндерден ұялып, қайтадан жойып жіберемін. Бұл композиция да сондай еді. Осы әнді де жойған сияқты едім, бірақ интернетке қалай шығып кеткенін білмеймін», - дейді композитор.

Нұрымовтың айтуынша, оның бұл әнге арналған авторлық құқығы да бар көрінеді. Ал Jokeasses вайнерлеріне оның ешқандай қарсылығы жоқ.

Сөзінің дәлелі ретінде композитор өзінің Instagram парақшасында әннің авторлық құқығын растайтын құжатты және хиттің толық нұсқасын жариялаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер