BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

«Туған ел» – Мөлдірдің туған еліне тартқан тамаша тартуы болды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен он бес жылда алғаш рет қазақ эстрадасының танымал әншісі Мөлдір Әуелбекованың «Туған ел» атты концерті өтті.

Қыстың алғашқы күні Елорда тұрғындары ұмытылмас кештің куәгері болғаны сөзсіз.

Ине шаншар жер жоқ лық толы зал, сүйікті әншісі үшін тақымын қысқан көрермен, көрерменімен қауышуға асыққан кеш иесі.

Иә, танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың кешінде дәл осындай көріністің куәгері болдық.

Себебі, халқы әншінің концертін асыға күткені байқалып-ақ тұрды.

Концерт Астана қаласының ең үлкен концерттік залдарының бірі «Қазақстан» орталық концерт залында өтті.

Концертте Мейрамбек Беспаев, Төреғали Төреәлі, Райым Уайыс, Ұшқын Жамалбек, «Назар» тобы сынды отандық эстраданың белгілі әншілері де кеш иесімен бірге өнер көрсетті.

Ал «Forte Trio» мемлекеттік триосы, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі мен «Zaratushtra Band» оркестрі жанды дауыста өткен кешті сүйемелдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер