BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Төреғали халықтан кешірім сұрады

Эстрада әншісі желіде таралған видеоға қатысты көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған даулы видеоға қатысты әнші Төреғали Төреәлі көрермендерден кешірім сұрады. Әнші өзінің ағат кеткенін мойындай отырып, сол күні суық тиіп, сырқаттанғандықтан көңіл-күйінің болмағанын айтады. Сонымен қатар, залдағы көрерменнің ескертуін көңіліне ауыр алғанын да тілге тиек етті.

«Кешірім сұрайын деп сол ағамызды (өзі тілдеген көрерменді ред.) іздеп едім, бірақ таба алмадым», - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Төреғали Төреәліге қатысты бейнежазбалар бүгін әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Онда әншінің жұртшылық толы залдың сахнасында тұрып, көрерменге қарата ренжи сөйлеп тұрғаны түсірілген. Дереккөздері концерттің Павлодар қаласында болғанын айтуда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер