USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

«Нұр-Мұқасан» дуэті тарады

Қазақстан эстрадасындағы алғашқы топтардың бірі «Нұр-Мұқасан» дуэті тарады. Топ әншісі Мұқасан Шахзадаев қазіргі таңда Нұрлан Қонысбаевтың қайда және немен айналысып жүргенінен бейхабар екенін мәлімдеді.

Бұл туралы «Астана» телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Нұрлан қазір өз шығармашылығымен, мен өз шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Бұған дейін де айтылған болатын. Бұл тек Нұрлан екеуміздің арамыздағы әңгіме. Оны жарнамалағым келмейді. 26 жылдың ішінде бір-бірімізді кешірмейтіндей жағдай болған емес, десе де кішігірім түсініспеушіліктер болды. Бір жағы 26 жыл қатты кетпей, шыдап келген сияқтымыз. Қазір Нұрлан жайлы ештеңе айта алмаймын. Бейхабармын. Тосын сый әзірлеп жатқан шығар, бір күні жарқ етіп шыға келуі де мүмкін. Ол өзі тосын сый жасағанды жақсы көретін адам», – деді Мұқасан Шахзадаев.

stan.kz

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады