BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Ninety One тобы Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті

Ninety One тобының Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өнер көрсетіп жатқан сәтін Ким Бюль атты корей бишісі YouTube арнасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ninety One жігіттері алдымен өткен аптада шыққан Ah! Yah! Mah! әнін орындады. Содан соң дебюттік әндері «Айыптаманы» шырқады.

«Қазақстандық Ninety One тобы. Кореяда бірінші рет жаңа әннің тұсауы кесілді», - деп жазды Ким Бюль.

Олар Хондэ ауданындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өнер көрсетті. Әдетте мұнда әр сенбі сайын жергілікті уақытпен сағат 15.00-22.00 арасында би қойылымдары өтеді. Корей Арбатында бишілер жарысып, өзара мықтыны анықтайды.

Бұдан бөлек, Ninety One тобы 10 қаңтарда Сеулде жанкүйерлермен кездесу (фан-митинг) өткізбек.

«Біз Сеул қаласындамыз. Сіздерде Ninety one тобына сұрақ қойып, альбом ұтысына қатысып, жақсы көретін əндеріңізді тыңдап және фан-митингке қатысу мүмкіндігі туып отыр. Сіздерді 10 қаңтар күні сағат 19:00-де Student Union Building of Sejong University-де күтеміз. Кіру тегін», - деп жазған топтың Instagram-дағы ресми аккаунтында.

Публикация от NINETY ONE official page• (@91ninetyone.kz)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер