BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Наzиманың алғашқы бейнебаяны жарық көрді

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық әнші, «Песни» шоуының финалисі Наzиманың рэпер Скруджидің қатысуымен Real One әніне таспаланған дебютті бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл Қазақстан, балақай! Бейнебаянның тұсаукесерін қабыл алыңыздар! #ПЕСНИНАТНТ жобасныың аяқталғанына тура бір ай болды. Дегемен нағыз жұмыс әлі алда! Осы ай түсірілімдер, эфирлер, студияда ән жазу, кеңсеге командамен жиналу секілді шаралармен өтті. (...) Real One әніне жазылған дебютті видеомды көріңіздер... Осы клипте 1000 процентке барымды салдым және нағыз бомбаны жасап шығардық деп ойлаймын» - деп жазды Наzима өзінің Instagram аккаунтында.

Еске слаа кетсек, ресейлік ТНТ арнасындағы «Песни» шоуының финалисі Наzима ресейлік лейбл Black Star-мен келісімшартқа отырған болатын. Шоу барысында командалардың бірінде тәлімгер болған Тимати қазақстандық орындаушыны өзінің фавориті атаған болатын. Жартылай финалда әнші Тиматимен бірге ән шырқады. Дегенмен финалда шоу жеңімпазы атана алмаған ол көрермен дауысы бойынша тәлімгерінің командасында 2-орынға ие болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер