BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

«Қызыл өрік» әнін орындаушы ауруханаға түсіп қалды

Танымал әнші, «Қызыл өрік» әнін орындаушы Ақылбек Жеменей ауруханаға түсті. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасына жазған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі суретке қарағанда отандық эстрада жұлдызының жарқын өкілі сол аяғын жарақаттап алса керек.

«Аяқты абайлайық, жігіттер», - дейді әнші Instagram желісіне салған суретінде.

Әнші Алматыдағы №4 қалалық ауруханаға жеткізілген. Ақылбек Жеменейдің Instagram желісіндегі оқырмандары оған тезірек сауығып кетуін тіледі.

Публикация от Ayazbay Akylbek ZHEMENEY (@zhemeney)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер