USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Қайрат Нұртас Елбасыға ән арнады

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Жастар форумында танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртас Елбасыға xалықтың ыстық-ықыласын жеткізіп, әнін арнады.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгінгі бәріміз үшін атаулы мерекеде тілектеріміз жүрек түбін кернеп, кеудемізге симай тұр. Сіз біздің бағымыз болған Елбасымызсыз. Біз бір белеске жеткен болсақ, ол ең алдымен еліміздегі бейбіт күннің, тұрақтылықтың, халқымыз үшін жасалған сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Замандастарыма, осы бейбіт күннің қадірін біліп, шүкіршілік етіп, еліміздің дамуы үшін бірлігімізді берік ұстайық дегім келеді. Әрине, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы сізді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Қазіргі орындалатын ән еліміздің өзіңізге деген ыстық ықыласы деп қабыл алғайсыз», - деді әнші.


Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Тіпті Елбасы жастардың көңілін көтеру үшін оларға әзіл де айтып берді. Сонымен бірге қазіргі жастардың бизнеспен айналысып жүргенін де атап өтті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер1
дариға
Жан-жақтан, сай-саладан жиналған жастар мықты екен. Бәрі өз мамандығы мен кәсібінің нағыз хас шеберлері.

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады