USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Еркектер, Баянның өмірін сөз қылғанға ұялсаңдаршы!

Белгілі продюсер, актер Нұртас Адамбай Баян Мақсатқызын жақтап шығыпты. Оның айтуынша, соңғы кездері Баянның атына қарата айтылатын жөн-жосықсыз пікірлер көбейіп кеткен, деп хабарлайды Baq.kz kaz.365info.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін өзім үшін жақсы жаңалық естідім. «Тараз» фильмін тамашалаған Баян Мақсатқызы киноға қайта оралатынын айтыпты. Алдымен фильмді тамашалағаны үшін алғыс айтамын. Бірақ, айтпағым бұл емес. Әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызының атына кір келтірген, орынсыз соқтыққан пікірлерді оқып қалдым. Арасында әйелдер ғана емес, еркектер де жүр. Өтірік-өсек.
Шынымды айтсам, оқып отырып өз көзіме өзім сенбедім? Әй адамдар, сендерге не болған? Соншалықты қатігездік қайдан жүр сіздерде? Өмір сіздерді ренжіткені үшін бүкіл ашу-ызаны басқа біреуге үйіп-төккенідұрыс па? Жарайды, әйелдерді түсінуге болады. Табиғатында бар шығар… Болмаса өзінің күйеуінен көрген теперішін жеңілдету үшін басқа біреудің атына ауыр сөз айтып «тазаратын» болар, кім білген.
Ал еркектерге не жоқ? Баян сіздерге не жазды?
Өз басым Баянды баяғыдан танимын. Ол өте мықты әйел. Алайда қанша дегенмен ол нәзік жанды.
Сондықтан оған қатысты лас пікір жазарда алдымен ойланып алыңдар. Егерде ол өзіне қысым жасағанға қарсылық таныта алмайтын әлсіз әйел деп ойласаңыз қателесесіз.
Еліміздегі ер-азаматтардың көпшілігі Баян үшін тұрып беруге бар. Соның бірі - менмін.
P.S. Еркектер, еркек болып қалайық. Ер-азамат деген атымызды сақтайық. Ал әйелдер, сіздер алдымен өз өмірлеріңізді түзетіп алыңыздаршы…

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады