BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Ерке Есмахан: Мен еріккеннен жігіт іздеп жүрген жоқпын

Әнші Ерке Есмахан жанкүйерлеріне жігітті еріккеннен іздеп жүрмегенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Инстаграм парақшасында жазған.

«Жаңа бейнебаянымды парақшамның үстіндегі сілтемеден көре аласыздар! Түсінбегендерге айта кетейін, бұл «Қайда?» клипінің жалғасы! Мен де еріккеннен аяғымды ауыртып, сол бір жігітті іздеп жүрген жоқпын! Он мне очень нужен! Қалайда табу керек! Шаруам бар!», - деген әнші.

Журналист әрі режиссер Төлеген Байтүкеновтің айтуынша жаңа ән «Қайдасыңның» рекордын жаңартуы мүмкін. Ол әннің мәтінін орысшаға аударып, Фейсбуктегі парақшасына жариялады.

Айта кету керек, әншінің кеше ғана «KZ жігіт» деген жаңа бейнебаяны жарық көрді. «Қайдасың?» клипінің жалғасы тез таныла бастады. Қазір жаңа бейнебаянның Youtube-тегі қаралым саны 700 мыңнан асты.

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер