BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ерке Есмахан енді «Аллоны» айта алмайды

Әнші Ерке Есмаханға енді «Алло» әнін айтуға тыйым салынған. Бұл туралы ол Gakku арнасындағы «Шынымды айтсам» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісі Тимур Балымбетов Еркеден «Алло» әнін неге айтпай жүргенін сұрады.

«Ол ән қазір менің репертуарымда жоқ. Мен сол әннің авторымен сөйлескенмін. Ол әннің авторы «басқа бір қыз бен жігітке сатылды, енді сендер айта алмайсыңдар» деп айтты. Сондықтан мән ол әнді айта айлмаймын. Оны Төреғали басқа әншілермен айтып жүр», - деді әнші.

Сондай-ақ, Ерке өзінің бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызынан қалай кеткені туралы айтып берді.

«Не де болса, бәрі жақсылыққа. Баян Мақсатқызынан кету өте қиын болды. Былай ойландым, былай ойландым. Жарты жылдай жүрдім. Өзім алып кете аламын ба, алып кете алмаймын ба? Кетіп қалсам, жақсылықтарына сатқындық жасағандай бола ма деп ойладым. Бірақ бір ойлана келе, мен не дегенмен өстім, түсінем, біраз нәрсені білемін деп шештім. Баян Мақсатқызының мектебі жаман мектеп емес. Қаншама қыздар өнерде жүр. Мен де қалып қоймаспын. Біріншіден, өзімді өзім сынап көрейін дедім. Баян Мақсатқызы және Бағым Мақсатқызы маған ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Маған сәттілік тілеп шығарып салды», - деді Ерке Есмехан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер