BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Димаш Лондонда әндерінің басым бөлігін қазақ тілінде орындайды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі әнші Димаш Құдайбергеновтің 19 қараша күні Лондонда өтетін жеке концертінің билеттерінің бәрі сатылып кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әншімен өткен кездесуде мәлімдеді.

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеновпен және оның әкесі Қанат Айтбаевпен кездесіп, концертке дайындық туралы әңгіме өрбітті.

«Лондонда жанды дауыста, оркестрмен 30-ға жуық ән шырқаймын.. Ансамбльде бірнеше елден келген атақты жұлдыздармен үлкен сахнада өнер көрсетіп жүрген азаматтар. Ондай азаматтармен өнер көрсетейін деп жатқан менде арман жоқ шығар. Лондонда тамаша өнер көрсетіп, қазақтың атын, қазақтың әнін өз деңгейінде әуелетіп қайтсақ деген ниетіміз бар», - деді әнші.

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев әндердің 60 пайызы қазақ тілінде орындалатынын айтты.

«Астаналық «Терра балет» тобы, сонымен қатар ұлт-аспаптар ансамблінде керемет өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздар барып, біздің қазақтың әндеріне ұлттық реңк пен өң бере отырып, сүймелдейді. Амандық болса, нәтижесін көресіздер. Орындалатын әндердің 60 пайызы қазақ тілінде болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, Лондонда 19 қараша күні Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті өтеді. Министрдің айтуынша, сатылымға шыққан билеттердің бәрі сатылып кеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер