BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Димаш Құдайберген қытайша ән орындап, тыңдармандарын тағы таңғалдырды (АУДИО)

00:00 / 4:22

Қазірде зор танымалдылыққа ие болған қазақстандық талант Димаш Құдайберген қытайша ән шырқап, тыңдармандарын керемет даусымен ғана емес, қытай тілінде сөйлеу мәнерімен таңғалдырды, деп хабарлайды Baq.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап.

«I am Singer 2017» байқауының көрермендері Димаш Құдайбергеннің тағы бір ерекше қасиетіне тәнті болды. Әнші байқаудың төртінші айналымында қытайша ән орындап, тіл тазалығын сақтау қабілетімен қытайлық фанаттарын сүйсінтті.

Оның орындаған әні – гонконгтік әнші Джеки Чуннің «Күзгі мұң» туындысы.

Димаштың қытайша ән орындағандағы тіл тазалығын Қытай басылымдары да жоғары бағалап, жарыса жазуда.

Синьхуа қытай порталының хабарынша, әнші қытай тілінде сөйлеудің 8-ші деңгейін көрсеткен.

Димаштың өзі жергілікті тілшілерге берген сұхбатында қатты қобалжып, қытайлықтар оның әнін түсінбей қала ма деп қорыққанын жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ елінің жас дарыны Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am singer» байқауына қатысып, алғашқы екі айналымда-ақ қытайлықтардың жүрегін жаулап алды.

Алайда, бұл танымалдылық байқау аяқталмай жатып үлкен дау тудырып үлгерді. Алғашқыда қазақстандық белсенділер Димаштың Қытайдағы жеңісіне күдікпен қарап, саяси астар іздеумен болды. Димаштың жеңісінен астар іздегендерге әкесі жауап берді.

Кейін, екінші айналымда Витастың «Опера №2» әнін орындағаны үшін Қытай жерінде ресейлік әртістің мүддесін қорғайтын компания Димаштың үстінен шағым түсірді. Авторлық құқық бойынша қазақстандық сарапшы жас әншіні даудан арашалап алмақ болып еді, Витастың продюсері қазақ дарынын «екінші сұрыпты фейк, арзанқол пираттық өнім» деп тіл тигізді.

Үшінші айналымда Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орынға жайғасты.

Осыдай резонанс тудырған жас әнші Қытай сахнасына шықпас бұрын бірқатар отандық байқауларда да бағын сынап көрген еді. Онда танымал айтыскер ақын Ринат Зайытовтың сынына ілігіп, есесіне эстрада және орепа әншілерінің батасын алды.

Қазірде қытай жастарының Димашқа бауыр басқаны соншалық, Димаш сөйлейтін тілді үйреніп, Абайдың өлеңдерін жарыса жаттап жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер