BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Димаш Құдайберген Канн кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Канн халықаралық кинофестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шарадағы суреттерін әнші Инстаграм парақшасында жариялады.

«Бүгінгі Канн фестиваліндегі қызыл кілемнен көрініс. Менің образдарымды дайындаған Сяоко жане Чи мырзаға рахмет!», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, 8 мамыр күні Халықаралық Канн кинофестивалінде «Қазақстанның ұлттық павильоны» ашылған еді. Айтулы кеште Мемлекеттік «Солистер академиясы» оркестрінің сүйемелдеуімен ҚР Халық артисі Айман Мұсақожаева мен еліміздің танымал әншісі Димаш Құдайберген және басқа да әншілер өнер көрсететінін хабарлаған болатынбыз.

Публикация от zhongxindeying (@zhongxindeying)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер