USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Б.Есентаевтың ісіне қатысты сотта «Лашын» тобынан жауап алынады

Фото: Лашын тобы

Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты сотта «Лашын» тобы мен такси жүргізушісінен жауап алынады. Бұл туралы сотталушыны қорғаушы тараптың өкілдері мәлімдеді, деп хабаралайды Tengrinews.kz.

Сотталушының адвокаты Мұхтар Мырзатай келесі сот отырысы ертеңге, яғни 19 қазанға сағат 14.00-ге белгіленгенін хабарлады. Куәгер ретінде сот «Лашын» тобын, Баян Мақсатқызы мінген таксидің жүргізушісін және Бақытбек Есентаевтың жиенін шақыртты.

Адвокаттың айтуынша, сот әділ өтіп жатыр, барлық тарапқа сөз сөйлеуге мүмкіндік бар. Бүгін 12 алқа би таңдалды.

Осыған дейін Талдықорғанда Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерді іріктеу басталғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен еді. Тергеудің мәліметіне сүйенсек, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып-соғып, бірнеше рет пышақтаған. Оқиға Еңбекші ауылының маңында, Құлжа тас жолында орын алған.

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күндей болды, ауруханадан шыққаннан кейін де амбулаторлық ем қабылдады.

Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады