USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болған күйеуін кешірді

Фото: Kursiv.kz

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталып отырған бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты толықтай кешірді. Бұл туралы Талдықорғанда өткен сот отырысынан кейін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Баянның қорғаушысы Марат Асқарбеков мәлім етті.

Айта кетейік, адвокат Марат Асқарбеков Бақытбек Есентаевтың туған бажасы, яғни Баянның әпкесі Бәтестің жұбайы, танымал актриса, әнші Аша Матайдың әкесі.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі кеше, 18 қазан күні басталып, бүгін жалғасын тапты. Істі қарау жабық режімде өтіп жатыр. Оны Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Байжүнісов Берікжан Əбенұлы жүргізуде.

Б.Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған.

Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер1
Аскар
Әйелі мен ерінің арасы от пен түтін, ортасына түссең қалмайсың бүтін - демекші, даналардан қалған аталы сөзге жүгінейік. "Қайғы келсе жеңілмейтін, Бақыт қонса семірмейтін, Əйелдердің даңқы артсын, Күйеуін Ер-Азамат деп қадірлейтін!"

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады