USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуінің ісіне қатысты сотқа қатысып жатыр

Баян Мақсатқызы (Есентаева) сотқа қатысып жатыр. Жабық режимдегі сот отырысына қызы Айсəуле, сіңлісі танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова да келді.

Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Түске дейін алқа би мүшелері анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ, қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

ҚазАқпарат

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады