BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваның сынына жауап берді

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» телехикаясына қатысты әлеуметтік желіде қазақстандық шоу-бизнес өкілдері арасында қызу пікірталас өтуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың соңында «Қазақстан» телеарнасында көрсетілген «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» телехикаясының сапасына қатысты әлеуеметтік желіде қызу пікірталас болғаны белгілі. Көптеген өнер адамдарының арасында әнші Меруерт Түсіпбаева да фильмге қатысты пікірін жариялаған-ды. Әнші өз жазбасында телеөнімді түсірушілерді бұл мәселені көп болып талқылауға шақырды.

«Заңға бағынатын салық төлеуші ретінде мен бюджеттің қаржысын пайдаланған кез келген адамға сұрақ қоя аламын. ... Баян болсын немесе Саян болсын.. Ешқандай жеке мәселе жоқ. Сериалды Кз элитасы сынады, соның салдарынан эфирден алынды... Енді фильмді түсірушілермен бетпе-бет отырып талқылауымызға болады. Күтеміз! Тараптар барлық уәжін айтсын.. пікірталас болған жерде шындық туады, Өйткені бұл «осторожная корова» емес, ұлтымыздың тарихы ғой. Баян, төмендеме, сынды қабылдай біл және менің шығармашылығыма баға беретін сен емессің... Сократ менің досым, алайда шындық бәрінен де қымбат», - деді Түсіпбаева.

Баян да Меруерттің жазбасына қатысты Инстаграм парақшасында өз пікірін білдірді.

Меруерт, мен сенің біздің кастинг директорымызға бірнеше рет қоңырау шалып, өзіңе Баянның анасының рөлін беруді, сонымен бірге жаңажылдық түсірілімге шақыруды өтінгеніңді мүлде ұмытып кетіппін ғой. Сенің хит әндер айта алмағаның және жарқын рөлдерде ойнай алмағаның үшін тағы бір кешірім сұраймын. Сенің кәсібилігіңе мен продюсер ретінде күмәнмен қараймын, оған толық құқығым да бар. Сондықтан, сенің ренішің түсінікті, рөлге ие болсаң, басқаша сөйлейтін едің. Басқа не айтуға болады? Сен ашулана бермей, жақсы ән тап немесе өз фильміңе продюсер бол, өзіңді басты рөлге қой да, басқалардан үздік екеніңді дәлелде. Тек әзірше оны ешкім білмейді! Сәттілік тілеймін.

Алайда, Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзоваға қоңырау шалғанын жоққа шығаруда.

«Алагөзоваға қоңырау шалдым ба, анасының (Баян Сұлудың анасы ред.) рөлін сұрадым ба, мен шындық детекторында тексерілуге әзірмін» деп жазды әнші.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер