BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Тұрсынғали Алагөзов өзін үйден қуған ұлына ренжімейтінін айтты

Қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов ұлының талап арызына қатысты пікір білдірді. Бизнесменнің ұлы Арсен 2 наурыз күні Алматы қалалық Бостандық аудандық сотының көмегіне жүгінген еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Арсен, мен саған кек сақтамаймын. Бар болғаны осы туралы білгеніңді қалаймын, бөтен ой болмасын. Уақыты келгенде қандай қадамға барғаныңды түсінесің деп ойлаймын. Өмірде қандай қиын жағдайға тап болсаң да, сені жақсы көріп, үнемі көмектесетін боламын. Бұл жәй ғана пәтер. Оны айырбастауға немесе сатып жіберуге болады. Ал ар-ұятпен бұлай жасауға болмайды. Осыны есіңнен шығармасаң екен деймін», - деп жазды Тұрсынғали Алагөзов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасынды.

Естеріңізге сала кетсек, Арсен Алагөзов Алматы қаласындағы аудандық сотқа әкесі Тұрсынғали Алагөзовтың үстінен қуыным арыз түсірген болатын. Ұлы әкесі мен онымен бірге тұрып жатқан адамдардың барлығын пәтерден шығарғысы келетінін мәлімдеді. Талап арыз аудандық сотқа 2 наурыз күні келіп түсті. Сот бұл істі 29 наурыз күні қарайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер