BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Әлішер Кәрімов «Көшпелі турнесін» Көкшетаудан бастайды

Әлішер Кәрімовтың «Көшпелі турнесі» 24 қыркүйек күні Көкшетаудан бастау алады. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне концерттің ұйымдастырушылары хабарлады.

Белгілі әнші Әлішер Кәрімовтың осымен екінші рет өтетін «Көшпелі турне» атты концерттік туры Қазақстан қалаларына сапарлайды. Көкшетаудан бастау алатын турнеде Әлішер халыққа танымал әндерін жанды дауыста орындайды. Тыңдармандар концертте сезімге толы әндер тыңдап, мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болады.

«Бір ай бойы сапар шегу, концерттер, көшіп-қону, қонақ үйлердегі күндер, ұйқысыз түндер. Осының бәрі мен үшін ешқандай қиындық туғызбайды. Мен өте толқып тұрмын», - деп өз әсерімен бөлісті Әлішер Кәрімов.

Концерт өтетін қалалар:

24 қыркүйек - Көкшетау

25 қыркүйек – Қарағанды

27 қыркүйек – Өскемен

28 қыркүйек – Семей

29 қыркүйек - Павлодар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер