USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Әлем жігіт сұлтаны» байқауында жеңдім деген қазақстандық жігіт алаяқ боп шықты

19 жастағы Байрам Исмайловтың 26 қараша күні Нью-Йоркте өткен «Әлемнің жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы атанды деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Исмаиловтың Инстаграм парақшасында жарияланған ақпаратты бірқатар қазақстандық БАҚ көшіріп басқан соң, ҚазАқпарат байқау туралы сұрастырып көрген. Редакция Нью-Йоркте өткен шара туралы ресми ақпарат көзін сол күйі таппады. Оның үстіне, «MISTER ЕАTSH-2017» жазуында қате бар. (Earth - ағылшын тілінен аударғанда «Жер» мағынасын береді - ред.). Осыған байланысты, ҚазАқпарат тілшісі «Mister Kazakhstan» ұлттық байқауының дирекциясына хабарласып, ресми мәлімдеме алды.

«Байрам Исмаилов «Mister Kazakhstan» ұлттық байқауының қатысушысы емес және оның байқау дирекциясына еш қатысы жоқ. «Қазақстан Сұлтаны-2015» атағының ресми емес екенін естеріңізге салғымыз келеді. PR-жарнама мақсатында Байрам Исмаилов өз бетімен грамматикалық қатесі бар лента жасап, халықаралық байқауға қатысы жоқ логотипті бейнелеген. Сонымен бірге, халықаралық байқаудың финалынан бір де бір суреті жоқ: «Сайыста болғанын дәлелдейтін backstage, selfie және есеп-суреті болмаған», - деп айтылады хабарламада.

Конкурс ұйымдастырушылары Нью-Йоркте халықаралық ерлер байқауы мүлдем өткізілмегенін тілге тиек етеді. Дирекцияның мәлімдеуінше, Байрам Исмаиловтың сыртқы бет-бейнесі – бойы мен дене салмағы халықаралық талаптарға сай емес.

Алғаш рет Қазақстанда «Mister Kazakhstan» ұлттық конкурсы 2016 жылы өтті.

Сурет: tengrinews.kz

Еске сала кетсек, «Mister Earth Kazakhstan 2016» титулының алғашқы ресми әрі қазіргі иегері «Mister Kazakhstan 2016» ұлттық конкурсының жеңімпазы Болат Мұратбеков. 2017 жылдың ақпан айында Гватемалада өтетін «Mister Earth 2016» халықаралық конкурсында Қазақстан атынан бақ сынайды», - деді конкурс дирекциясы.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады