BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шетелдегі қазақ ақындарының жыр жинақтары шықты

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанындағы «Атажұрт» баспа орталығынан Шетелдегі қазақ ақындарының жыр жинақтары шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қауымдастық баспасөз орталығы мәлімде.

«Бұл кітаптар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарлату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді» - делінген хабарламада.

Аталған кітаптар Өзбекстандағы қандасымыз, ақын Боран Қыдыров пен ҚХР тұратын ақын Ықылас Оразбайұлына тиселі.

«Ақын Боран Қыдыровтың бұл жинағына әр жылдарда жазған әралуан тақырыптағы өлеңдері мен ғазелдері, қос тағандары, төрт тағандары және аңыз тақырыбына жазған поэмаларының көбінің баспа бетінде жарық көргендері топтастырылса, Ықылас Оразбайұлы осы жыйнақпен жыр әлеміне қанат қаққалы отырған жас ақын. Оның өлеңдерінен туған жерге, өскен елге деген сағыныш лебі еседі. Қазақы болымыстың нәрін бойына сіңрген ақынның жырларының тілі шұрайлы, ойы көркем. Біз ақынның болашағынан оқырманға ой тастайтын орамды, жүрекке жылы, сезімі сырлы шығармалар күтеміз» - дейді кітаптарды баспаға дайындаған, «Атажұрт» баспасының бас редакторы Талапбек Тынысбекұлы.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер