BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

ҰҚШҰ саммиті басталды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің cессиясы басталды.

Жиынға Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Белорусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қатысуда.

Сессияда халықаралық және өңірлік бірқатар мәселе қаралады деп жоспарланып отыр.

Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық еткен. Ендігі кезек қырғыз еліне өтеді.

Осыған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз жетекшісі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне саммит барысында Қазақстанның аталған ұйымға төрағалық еткен кезде атқарған жұмыстардың қорытындысы шығарылатынын хабарлаған. Ол кеңестің отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын нақтылаған.

ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Айта кетейік, ертең, 9-қарашада Петропавлда Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы өтеді. Іс-шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер