BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Үкімет басшысы: Сербия президентімен экономикалық байланысты нығайту бойынша келіссөз жүргіздік

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Сербия президенті Александр Вучичпен қос мемлекет арасындағы сауда байланысын нығайту бойынша келіссөз жүргізгенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас сенімді байланысқа негізделген. Сізбен (Сербия президенті Александр Вучич - автор) Қазақстан президенті араларыңыздағы сенімді достық оның негізі болып отыр. Сербия - Еуропадағы Қазақстанның сенімді серіктесі. Біз халықаралық деңгейдегі бастамаларымызға Сербияның қолдау көрсетуін жоғары бағалаймыз», - деді Сағынтаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Сербия бизнес форумында.

Осы орайда Үкімет басшысы Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық байланыс соңғы жылдары нығая түскенімен аталған салада атқарылар жұмыстың көп екенін атап өтті.

«Өткен жылы Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналамы 59%-ке өсті. Бұл санды ақшаға аударсақ, көрсеткіш айтарлықтай жоғары емес. Сондықтан екі жақты кездесу барысында президентпен (Сербия президенті Александр Вучич - автор) сауда-экономикалық байланысты көтеруге мүмкіндік беретін түрлі салаларды талқыға салдық. Менің ойымша, алдағы жылы аталған саладағы байланысымыз жаңа деңгейге шығады деген үміттемін. Бұл жұмысқа экономикалық байланыс бойынша құрылған үкіметаралық комиссия септігін тигізеді деген үміттемін», - деді Қазақстан премьер-министрі.

Аталған Бизнес форумға Сербия президенті Александр Вучич те қатысуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер