BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

ҮЕҰ-дар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына жоғары баға берді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде әлемнің көптеген өткір мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарды. Бұл туралы Нью-Йорктегі жетекші халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері мәлімдеді.

5 желтоқсанда Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде өткен арнайы кездесу барысында Елші Қайрат Омаров пен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жөніндегі ҮЕҰ Жұмыс тобының мүшелері өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде екі жылдық жұмысының нәтижелерін талқылады.

«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өз жұмысын әрдайым әділ және объективті тұрғыдан атқарды. Біз осы екі жылда толық жауапкершілікпен көптеген міндеттерді табысты орындадық. Бұл жұмыстың сәттілігінің дәлелі – 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген барлық басымдықтардың жүзеге асырылуы», - деді Қ. Омаров.

Ол Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының жеті басымдықтың әрқайсысының нақты нәтижелері мен еліміздің күш-жігерінің арқасында қол жеткізілген жетістіктері туралы айтып, қазақстандық делегацияға қолдау көрсеткені және әлемнің күрделі мәселелеріне Қазақстанның негізгі хабарламалары мен ұстанымдарын таратуға жәрдемдескені үшін халықаралық ҮЕҰ-ға ризашылығын білдірді.

«Біз сіздермен диалогқа ашықпыз, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі барлық негізгі мәселелер бойынша жақын байланыстар мен әріптестікті жалғастыруға дайынбыз», - деп қосты Елші.

Ядролық қарусыздану мәселелерді, әлемдік саясатта сенімнің рөлін, қауіпсіздік пен дамудың үшжақты стратегиясын ілгерілету, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі делегациясының 7 жылда алғаш рет Ауғанстанға сапары, Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік контингентін орналастыруы, Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексін қабылдауы, БҰҰ ҚК-нің Эритреяға көпжылдық санкцияларын алып тастау және тағы басқалары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде екі жылдық қарқынды жұмысының практикалық нәтижесі болды. Қ. Омаров еліміз бұл мәселелер мен бастамаларды іске асыруды болашақта да жалғастыратынын баса айтты.

ҮЕҰ Жұмыс тобының төрағасы, Amnesty International ұйымының БҰҰ жанындағы өкілі Рензо Поми Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезінде бейбітшілік пен дамудың жауапты әрі белсенді жақтаушысы ретінде дәлелдегенін және оның мақсаттарын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салғанын атап өтті.

Кездесудің қатысушылары бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты БҰҰ-ның негізгі органдарының алаңында көптеген жаһандық проблемалар бойынша өзінің конструктивті үлесі мен белсенді ұстанымы үшін Қазақстанға жоғары баға беріп, алғысын білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жөніндегі ҮЕҰ Жұмыс тобының құрамына гуманитарлық бостандықтар, адам құқықтары, қарусыздану, жаһандық басқару және даму саласындағы 37 үкіметтік емес ұйымы, оның ішінде Amnesty International, Save the Children, Human Rights Watch, Oxfam International, Біріккен Ұлттар Ұйымы ассоциацияларының халықаралық федерациясы және басқалар кіреді.

ҮЕҰ Жұмыс тобы жыл сайын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерімен және БҰҰ жоғары лауазымды тұлғалармен БҰҰ ҚК-нің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу мақсатында 40-45 бейресми кездесулер өткізеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер