BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Тәжікстан президентінің сапары ынтымақтастықты жандандыруға бастаған қадам – Шәукенова

Фото: Егемен Қазақстан

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары туралы және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Зарема Шәукенованың айтуынша, ресми сапардың мақсаты - өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу.

«Қазақстан мен Тәжікстан тәуелсіздік алғаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамыды. Біздің халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердегі ұстанымымыз ұқсас. Сондай-ақ, Тәжікстан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігін, Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру, Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу бастамаларын қолдады»,- деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

Сондай-ақ, оның айтуынша сапар барысында Тәжікстан президенті біздің сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға үлкен назар аударатын болады. Қазақстан Тәжікстанның негізгі сыртқы сауда серіктестері арасында екінші орында.

«2017 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда көлемі 776 млн долларды құрады. Бұл 2016 жылға қарағанда 31,5% артық. Қазақстан Душанбеде өтетін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-тәжік үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысын өткізуге дайын және кездесудің мерзімі мен күн тәртібі туралы ұсыныстарды күтеді. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың да қарқынды дамып жатқанын айта керу керек. Көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өтіп жатады», - деді Шәукенова.

Сонымен қатар, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры екі ел арасындағы білім беру мен мәдениет саласының дамуы туралы айтып өтті.

«Душанбеде «Бәйтерек» қазақ ұлттық мәдени орталығы жұмыс істейді. Білім беру саласындағы өзара байланыс та дамып келеді. Тәжікстан азаматтары үшін жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, сондай-ақ Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған мемлекеттік білім гранттары бөлінеді. Осылайша, Қазақстанға жасалған ресми сапар біздің ел мен Тәжікстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандырудағы сапалы қадамы болып отыр»,- деп қорытындылады З. Шаукенова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер