BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Тәжікстан азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күн тұра алады

Фото: SovetClub.ru

Бұдан былай қазақстандықтар мен тәжікстандықтар бір-бірінің мемлекеттерінде тіркелусіз 30 күн тұра алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Енді қазақстандық азаматтар мен тәжікстандық азаматтар бір-бірінің елінде тіркелусіз 30 күн, ал тіркелген жағдайда 90 күнге дейін тұра алады», - дейді Эмомали Рохман Қазақстанға ресми сапары барысында.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері реадмиссия – кету немесе мемлекеттер аумағында болу шарттарын бұзған адамдарды анықтау және қайтару туралы келісімге қол қойды. Елдер арасында көші-қон туралы ақпарат алмасуға қатысты тағы бір келісімге қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер