BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Ташкенттен Астана мен Алматыға жүретін рейстер пайда болады 

Қазақстан мен Өзбекстан тараптары алдағы уақытта Ташкенттен Астана мен Алматыға тікелей жүретін рейстер пайда болады. Бұл жөнінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат тілшісі.

«Өткен жылы бізде тұрақты автобус рейстері мүлде болған жоқ. Былтыр күзде Ташкент-Шымкент рейстерін іске қостық. Бұл автобустарға адам көп мінетінін байқадық. Сондықтан, қазір рейстер Ташкенттен Астана мен Алматыға қарай баруын, сондай-ақ, Тараз қаласының да кіруі жөнінде келісіп жатырмыз. Өзбек тарапы бізге Самарқанд және басқа да туристік қалаларды ұсынып жатыр. Астана мен Ташкент арасындағы әуе рейстерін де айтарлықтай арттырып жатырмыз. Сондай-ақ, «Алматы-Ташкент» бағытындағы пойыздардың жүру жиілігі де ұлғаяды. 18 наурыздан бастап бұл пойыз аптасына үш рет жүретін болады. Бұған дейін аптасына екі рет қатынайтын. Сәуір айынан бастап Самарқанд-Астана бағыты бойынша тұрақты жолаушылар пойызы іске қосылады», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер