BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Сұлтановтың əкім болып тағайындалуына қатысты Қаржы вице-министрі пікірін айтты 

Бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев бұрынғы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Астана əкімі болып тағайындалуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Əрине, мен Бақыт Сұлтанов үшін қуаныштымын. Ол ұзақ жылдар бойы менің басшым болды. Біз өте жақсы жұмыс жасадық. Менің ойымша, бұл - лайықты адамға лайықты орын, үлкен сенім əрі жауапкершілік. Бақыт Сұлтанов - мықты менеджер жəне жарқын тұлға. Қаржы министрлігі - бұл үлкен орган. Онда шаруашылық мәселелері көп. Мемлекеттік мүлік комитеті де бар. Менің ойымша, Бақыт Тұрлыханұлының тəжірибесі мол болғандықтан оның қолынан бəрі келеді", - деді Руслан Бекетаев Сенат кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, жуырда Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астана əкімі болып тағайындалған еді. Ал қала басшысы Əсет Исекешев ҚР Президенті əкімшілігінің басшысы болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер