BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

СІМ-де Мысырдағы елшінің брифингі өтті

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиевтың қазақ-мысыр ынтымақтастығы мен оның даму перспективалары туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған арнайы брифингі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Брифинг барысында елші Қазақстан мен Мысыр арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.

Қазақстан үшін Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы маңызды серіктес ел болып табылатын Мысырмен сенімді саяси диалог, халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде тығыз ықпалдастық орнатылғандығы басып айтылды.

Мысыр Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық халықаралық және аймақтық бастамасын, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау, дінаралық диалог, терроризмге қарсы күрес және тағы басқа да халықаралық бастамаларын қолдайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер